04.08.2025, 12:19
Жаңалықтар
Қостанай облысында жемқорлардан қайтарылған ақшаға әлеуметтік нысандар салынып жатыр
Бас прокуратура заңсыз иеленілген активтерді мемлекетке қайтару жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді
Фото: freepik.com
Қостанай облысында жемқорлардан қайтарылған қаражат есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және білім беру салаларында маңызды әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтылады
Атап айтқанда, Қостанай облысының Фёдоров ауданына қарасты Лесное және Берёзовка ауылдарында прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен 24 шақырымдық су құбыры салынып жатыр. Бұл жоба аталған ауылдарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді.
Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2025 жылдың қазаны
Құрылыс жұмысын «Қостанайсельхозводопроводстрой» ЖШС жүргізуде. Жобаны 2025 жылғы қазан айына дейін аяқтау жоспарланған.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды