$ 541.82  627.1  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жалған компаниялар арқылы тендер ұтқан топ әшкереленді

Құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларда заң бұзушылық анықталды

Алматыда жалған компаниялар арқылы тендер ұтқан топ әшкереленді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларға қатысу барысында жалған мәліметтерді қолданған адамдар тобына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық схема 3 жыл бойы жалғасқан

Тергеу барысында 2021 жылдан 2024 жылға дейін жалған компаниялар арқылы тендерлерге қатысып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған рейтингтерін қолдан көтеру үшін жасанды құжаттар мен жалған мәліметтер пайдаланылғаны анықталды.

Сыйақы – 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін

Ұйымдастырушылар мұндай қызмет үшін 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған.
Заңсыз жолмен алынған жалпы табыс 664 миллион теңгеден асқан. Бұл ақшаға сатып алынған:

  • 11 автокөлік;
  • 12 жылжымайтын мүлік (5 тұрғын үй, 7 жер телімі).

70 млрд теңгеге жуық келісімшарт жасалған

Тергеу болжамына сәйкес, аталған заңсыз әрекеттердің нәтижесінде бірқатар компаниямен жалпы сомасы 70 миллиард теңгеге жуық келісімшарттар жасалған.

Төрт күдікті қамауға алынды

Қазіргі уақытта төрт күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары