$ 541.82  627.1  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында 2500 тоннадан астам есірткі жойылды

Өңірде есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр

Жамбыл облысында 2500 тоннадан астам есірткі жойылды
Фото: depositphotos.com

«Есірткісіз болашақ» жобасы аясында Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Меркі ауданына жұмыс сапарымен барып, есірткі қылмысына қарсы іс-шаралардың барысын тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Координаттар нақты анықталды – көлем ұлғайды

Өткен жылы жабайы қарасора өсетін жерлердің нақты координаттарын анықтау нәтижесінде 1 195 гектар аумақта 1 000 тоннадан астам өсімдік шауып және химиялық өңдеу арқылы жойылды.

2025 жылы бұл жұмыс 4 514 гектар аумақта жүргізіліп, 2 581 тонна қарасора жойылды. Бұл көрсеткіш есірткі таратудың алдын алуға елеулі үлес қосты.

Қосымша құқықтық шаралар қабылданды

Облыс прокуратурасы есірткі қылмыстарының алдын алу және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында қосымша ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар кешенін қабылдады.

Меморандум – жеделдік пен нәтижелілікке жол ашты

Прокуратура, полиция, құқықтық статистика департаменті, сарапшылар және дағдарыс орталықтары арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Нәтижесінде:

  • 35 қылмыстық іс бойынша сараптамалық қорытынды бір тәулік ішінде алынды;
  • Айыптау үкімдері сол күні шығарылды.

Синтетикалық есірткіге қарсы күрес күшейді

Бірлескен шаралар синтетикалық есірткілерді тәркілеу және есірткі өткізу фактілерін анықтау деңгейін төрт есеге арттырды.

Есірткі қаржысының жолы кесілуде

«Ақша ізін қуу» қағидаты бойынша 64 млн теңгеден астам сомаға 5 320 есірткі есебі анықталып, бұғатталды.

Есірткімен күрес жалғасады

Нұрғалым Әбдіров құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын күшейтуді, сондай-ақ есірткі қылмыстарына қарсы профилактикалық және бақылау шараларын енгізуді тапсырды.

Өңірде есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары