$ 541.82  627.1  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған

Прокуратура колледж қызметіне тексеріс жүргізді

Маңғыстау облысында колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
Фото: Azattyq Rýhy

Маңғыстау облысының прокуратурасы колледж бухгалтерінің 243 млн теңге жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бюджет ақшасы жеке шотқа аударылған

Тексеру нәтижесінде колледждің бас есепшісі іссапар, шәкіртақы төлемдері және салық міндеттемелеріне бөлінген 243 миллион теңгені өзінің жеке шотына заңсыз аударғаны белгілі болды.

Бұл әрекет Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету» ретінде сараланып, арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Сот үкімі: 5 жыл бас бостандығынан айырылды

2025 жылғы 9 шілдеде Маңғыстау аудандық соты бас есепшіні Қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар, сотталушы 10 жылға дейін бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары