04.08.2025, 06:03
Жаңалықтар
40 градус ыстық, бұршақ, дауыл: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер болжамы белгілі болды
Фото: istockphoto.com
4 тамызда еліміздің барлық өңірінде ауа райының күрт өзгеруі күтіледі. Синоптиктер найзағай, бұршақ, жел мен шаңды дауыл болатынын ескертті. Батыс аймақтарда аптап ыстық +40°С-қа дейін жетеді, ал республиканың көп бөлігінде өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Өңірлер бойынша ауа райы: аптап та, бұршақ та бар
- Солтүстік және орталық өңірлерде (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстары) тұман, найзағай, екпінді жел күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталуда.
- Шығыс аймақтарда (Абай, Шығыс Қазақстан облыстары) – күн күркіреп, бұршақ жауып, жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Кей өңірлерде түнде тұман түсіп, күндіз шаңды дауыл болады. Өрт қаупі өте жоғары.
- Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда) найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл жүруі мүмкін. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде.
- Батыс өңірлерде (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары) күн қатты ысиды: +35…+40°C. Кей аймақтарда найзағай мен бұршақ күтіліп отыр. Шаңды дауыл мен екпінді жел байқалады. Өрт қаупі әсіресе жоғары.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді