Қазақстанда алаяқтар енді жеткізу қызметі арқылы жұртты тонап жүр (ВИДЕО)
Алаяқтар 1414 арқылы SMS жіберіп, жеке деректерге қол жеткізуде
Маңғыстау облысында алаяқтар енді жеткізу қызметі арқылы жұртты алдауға көшті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алаяқтардың схемасы қандай?
Ақтау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, алаяқтар адамдарға қоңырау шалып, өздерін жеткізу қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар:
- Адамның үйде болуын сұрайды;
- «Тапсырыс туралы құжат» жіберетінін айтады;
- Кейін 1414 ресми нөмірінен SMS жібереді.
SMS хабарламада жалған «накладной» коды болады, бірақ шын мәнінде бұл – eGov немесе басқа жүйелерге кіруге арналған құпия код.
Кодты айту – жеке деректерден айырылу
Алаяқтар бұл кодты ауызша айтуыңызды сұрайды, ал оны алғаннан кейін жеке кабинетіңізге кіріп, жеке деректеріңізді, цифрлық құжаттарыңызды қолына түсіреді.
Полиция: Курьер ешқашан код сұрамайды
Құқық қорғау органдары тұрғындарға бұл схемадан сақ болуды, ешкімге 1414-тен келген SMS кодтарды айтпауды ескертуде.
«Курьер тек тауар жеткізеді. Ол ешқашан код сұрамайды», — дейді полицейлер.
Не істеу керек?
- SMS арқылы келген кодтарды бөтен адамға айтпаңыз;
- Күмәнді қоңырауларға сенбеңіз;
- eGov немесе банктік жүйелерге тек ресми сайт не қосымша арқылы кіріңіз;
- Күдікті жағдайларды полицияға хабарлаңыз.