«Ақыры көрсетті»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі кіммен кездесуге барды (ВИДЕО)
Желіде мейрамханаға барған сәтінен видео тарады

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан өзін кездесуге кім шақырғаны туралы видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде Мөлдір Мұқанның видеосы тарап, онда мейрамханаға кіріп бара жатқан сәтін көрсетеді. Алайда, кіммен кездесуге барғаны бұл видеода құпия болып қалған.
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдірді.
«Мынаған жұрттың көңілі жетпей жүр-ау», «Мөлдір, ұл-қыздарың бар, мынауың ұят», «Тұрсынбек пен әйелі екеуі инстаграмның әртісі болды», «Мыналар сериал түсіріп жүр ме?», «Кімге керек сенің өмірің?», «Қылықтары жағымсыз, түк жараспайды», «Мөлдір кездесуге шақырған жігітті көрсетті, шокпыз, мәә», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі бар екені туралы желіде сыбыс тараған болатын.