$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында электр энергиясы қанша теңгеге қымбаттағаны белгілі болды

1 тамыздан бастап МАЭК үшін электр энергиясының тарифі өсті: себеп – газ бағасының қымбаттауы

Маңғыстау облысында электр энергиясы қанша теңгеге қымбаттағаны белгілі болды
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Қазақстанда 1 тамыздан бастап энергия өндіруші кәсіпорындар үшін электр энергиясының тарифі көтерілді. Бұл өзгеріс «МАЭК» ЖШС-ға да қатысты болды. Тарифтің өсуіне себеп – негізгі шикізат болып саналатын тауарлық газдың қымбаттауы. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облысын электр энергиясымен қамтамасыз ететін «МАЭК» ЖШС (энергия өндіруші ұйымдардың 27-тобына кіреді) үшін шекті тариф 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге дейін өсті. Тарифтің өсуі 5%-ды құрады.

Компанияның түсіндіруінше, шекті тарифтің қайта өсуіне «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ жеткізетін тауарлық газ бағасының артуы себеп болған. Жыл басынан бері газ бағасы екі рет – сәуірде және шілдеде көтеріліп, жалпы өсім 21,6%-ды құрады.

«МАЭК-ке тауарлық газды жеткізетін жалғыз жеткізуші – «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ. 2025 жылғы 1 сәуірден бастап жылу энергетикасы компаниялары үшін газдың 1 000 м³ бағасы 27 232,66 теңге болып белгіленді (бұған дейін – 27 138,44 теңге, яғни 0,5% өсім). Ал 2025 жылғы 1 шілдеден бастап бұл баға 32 985,49 теңгеге дейін өсті (21,1% өсім). Осыған байланысты уәкілетті орган «МАЭК» ЖШС үшін шекті тарифті газ құнының өсуіне қарай түзетіп, арттыру туралы шешім қабылдады. Тариф тек отындық құрам бойынша қайта қаралды», – деп түсіндірді компания өкілдері.

Серіктес жаңалықтары