02.08.2025, 16:40
Жаңалықтар
3 тамызда ел аумағында ауа райы айтарлықтай ерекшеленеді
Қазақстанды циклон мен антициклон екіге бөледі
Фото: pixabay
3 тамыз, жексенбі күні Қазақстанның әр өңірінде әртүрлі ауа райы қалыптасады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батысы, оңтүстігі, солтүстік-батысы және орталығы антициклон ықпалында болады, сондықтан бұл өңірлерде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі.
Ал елдің шығысы мен оңтүстік-шығысы циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінде қалады.
Қандай өңірлерде жаңбыр жауады?
Циклон әсер ететін өңірлерде:
- Жаңбыр жауып, күн күркірейді;
- Шығыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жаууы мүмкін;
- Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Жел күшейіп, шаңды дауыл болады
Республиканың көп бөлігінде желдің күшеюі күтіледі. Әсіресе:
- Шығыс пен оңтүстік-шығыста — шквалды желдер;
- Оңтүстік-батыста — шаңды дауыл;
- Солтүстік пен солтүстік-батыста — тұман түсуі мүмкін (түнгі және таңғы уақытта).
Күн қатты ысиды
Температуралық фон кейбір өңірлерде қауіпті деңгейге көтеріледі:
- Атырау облысы: +35…+39°C
- Маңғыстау облысы: +38…+40°C
- БҚО-ның оңтүстік, батыс, орталығы: +35…+37°C.
Өрт қаупі өте жоғары
Қауіпті құрғақшылық пен ыстықтың салдарынан бірнеше облыста жоғары және өте жоғары өрт қаупі күтіледі:
- Түркістан, Алматы, Жетісу облыстары
- Қызылорда облысының оңтүстігі
- Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысы
- Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының бірқатар аудандары
- Абай мен Шығыс Қазақстан облысының орталығы мен шығысы.
Үш мегаполистегі ауа райы:
Астана:
- Бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай;
- Түнде және таңертең тұман;
- Жел: солтүстік-шығыстан 9–14 м/с;
- Температура: түнде +12…+14°C, күндіз +20…+22°C.
Алматы:
- Бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай;
- Жел: солтүстік-батыстан 3–8 м/с, екпіні 18–23 м/с;
- Температура: түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.
Шымкент:
- Бұлтты, жауын-шашынсыз;
- Жел: солтүстік-батыстан 8–13 м/с;
- Температура: түнде +18…+20°C, күндіз +33°C.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
19.12.2025, 15:48
«Мәйітті қайта қазып алдық»: Халимназаров күйеуі жылқымен сүйреп өлтірді деген әйел туралы айтты
19.12.2025, 07:24
«Жеңеше, телефон соғыңыз»: Атыраулық әйел жоғалған күйеуінің достарынан күдіктеніп отыр
19.12.2025, 11:15
«Құрсағындағы баламыз да аман қалмады»: Ақтөбеде жүкті әйелдің аяқасты қысымы көбейіп, көз жұмды
19.12.2025, 11:49
Астанадағы екі адамның өлімі: полиция тың мәлімет жариялады
Редактордың таңдауы
18.12.2025, 12:14
Қазақстанда төрт күн ішінде тас жолдар 177 рет жабылған (ВИДЕО)