Білім грантына ие болғандардың тізімі қашан шығатыны белгілі болды
Биыл 113 мыңнан астам талапкер өтініш берген

Қазақстанда білім беру гранттарын бөлу науқаны басталды. Биыл 113 мыңнан астам талапкер өтініш берген. Грант иегерлерінің толық тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Гранттар қалай бөлінеді?
Грант иелерін анықтайтын Республикалық комиссияның құрамында:
- Парламент депутаттары;
- Мемлекеттік органдардың өкілдері;
- Кәсіподақтар мен қоғамдық ұйымдар;
- ЖОО қауымдастықтары мен «Атамекен» ҰКП өкілдері бар.
Комиссия талапкерлердің ҰБТ-да жинаған баллдары мен мамандық таңдауына сәйкес шешім қабылдайды.
Биыл қай мамандықтар ең танымал?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы грант конкурсына 113 мыңнан астам өтініш түскен. Ең танымал бағыттар:
- Педагогикалық ғылымдар;
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Тізімді қшан және қайдан көруге болады?
«Грант конкурсының нәтижелері 10 тамызға дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде жарияланады», – делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар ЖОО-ларға қабылдау 25 тамызға дейін аяқталады.