$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауыл тұрғыны әлеуметтік желідегі пікірі үшін сотталды

Ол пікірін Facebook желісінде жариялаған

Ауыл тұрғыны әлеуметтік желідегі пікірі үшін сотталды
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік желіде билік өкілін балағаттап, қорқытқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталған азамат Шыңғырлау ауылында отырып Facebook әлеуметтік желісі арқылы қызметтегі лауазымды тұлғаны өлтіремін деп қорқытып, балағаттаған.

Сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, сотталушының пікірі қорлау сипатында екені және әдепсіз сөздерден тұратыны анықталды.

«Пікірде жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендететін сөздер, сондай-ақ денсаулыққа қатер төндіру белгілері бар», - деп түсіндірді сот.

Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, өкінді. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды: асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуын, кінәсін шынайы мойындауын, ауырлататын факторлардың жоқтығын ескерді.

Нәтижесінде оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді. Ол пробациялық бақылауда болады және бүкіл мерзім ішінде жыл сайын 100 сағаттан қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Серіктес жаңалықтары