$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңбыр, бұршақ, дауыл: Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 1 тамыз, жұмаға жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Жаңбыр, бұршақ, дауыл: Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр, бұршақ жауып, жел тұрады, найзағай ойнайды, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанайда найзағай ойнайды.

Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 30 м/с жетеді.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл, жел соғады, аптап ыстық болады, өрт қаупі жоғары.

Алматы, Қарағанды, Тараз қалаларында найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді.

Шымкент, Түркістан, Павлодар қалаларында және Түркістан облысында күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл, шаңды дауыл, жел соғады, төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда қаласында, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнап, дауыл, жел соғады, өрт қаупі жоғары.

 

Серіктес жаңалықтары