30.07.2025, 14:16
Жаңалықтар
Павлодарда әйел адам екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кетті
Оқиға бүгін 30 шілде күні Нұрмағамбетов көшесінде болды
Фото: istockphoto.com
Павлодарда адам шошырлық оқиға болды. Әйел адам екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бүгін 30 шілде күні Нұрмағамбетов көшесінде болды.
Мәліметке сүйенсек, әйел адам балаларын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Жедел жәрдем қызметіне өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі хабарлаған.
«Криминальный Казахстан» мәліметіне сүйенсек, әйел адам балалардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Бүлдіршіндер облыстық ауруханаға, ал анасы №1 қалалық ауруханаға жатқызылған.
Azattyq Rýhy тілшісі оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаментіне сұрау салды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді