$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Олар аса сезімтал келеді»: Қазақстан халқының неше пайызы ЛГБТ насихатына қарсы

79,8 пайызы ЛГБТ насихатын жастарға қауіп деп санайды

«Олар аса сезімтал келеді»: Қазақстан халқының неше пайызы ЛГБТ насихатына қарсы
Фото: Azattyq Ruhy

Былтыр мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ насихатына қарсылық петициясын ішінара қолдау туралы шешім шығарған еді. Бүгін «Кәмелетке толмаған азаматтарға дәстүрлі емес қатынастарды насихаттаудың ықпалы» тақырыбындағы зерттеудің нәтижелері жария болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өркендеуге жәрдемдесудің ұлттық қорының басшысы, белгілі құқық қорғаушы Үсен Сүлеймен зерттеуде азаматтардың пікірі ескеріліп, нақты іс-қимылдардың негізіне айналғанын айтты. 

«Мұндай тәсіл қоғамның демократиялық тетіктердің тиімділігіне деген сенімін нығайтып, азаматтарды қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуға ынталандырады. Ғаламдық парадигманың өзгеруі мен жаңа коммуникациялық арналардың жаппай дамуы аясында дәстүрлі құндылықтар әлсіреп жатыр.  Соңғы зерттеулерге сәйкес, бүгінгі күні адам уақытының үштен екі бөлігін интернетте өткізеді. Өз кезегінде, дүниетанымы енді қалыптасып жатқан балалар ақпарат пен құндылықтарға ерекше сезімтал келеді. Интернет пен әлеуметтік медианы тұтыну барысында олар жыныстық идентификация мен әлеуметтік мінез-құлық модельдерін қозғайтын контентке тап болып, шынайылықты және этика қағидаттарын бұрмаланған түрде қабылдауға бейімделеді»,- дейді Үсен Сүлеймен.

Оның айтуынша, мұндай үрдістердің балаларға кері әсер ететіні және дәстүрлі құндылықтарға қауіп төндіретіні анық: отбасылық институт әлсіреп, тұтас халықтардың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнеді.

«Зерттеуде респонденттердің 63,7%-ы ЛГБТ туралы ақпаратты тікелей әлеуметтік желілер арқылы алатыны белгілі болды. Ал 29 жасқа дейінгі респонденттердің 73,2%-ы интернетті негізгі ақпарат көзі деп санайды»,- деді қор басшысы.

Мәселен, ЛГБТ насихатын заңнамалық деңгейде шектеу мәселелері Польша, Литва, Венгрия, Қырғызстан, Грузия сынды елдерде қаралған.

«Бұл жағдайда Қазақстан заңнамалық деңгейде болашақ ұрпақ үшін «қауіпсіз цифрлық ортаны» қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдаған бірқатар мемлекеттердің жолымен жүріп жатыр. Респонденттердің 84,2% - ы дәстүрлі құндылықтарды қорғау үшін мемлекет қабылдайтын шараларды қолдайды. Сонымен бірге, сауалнамаға қатысқандардың 67,3% - ы ЛГБТ насихатын заңнамалық деңгейде шектеуді жақтады, ал 79,8% - ы ЛГБТ насихатын жастарға қауіпті деп санайды»,- деді ол. 

Серіктес жаңалықтары