$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда «қыз алып ашқан» адам 10 жылға дейін сотталады: прокуратура ескерту жасады

Қыз алып қашу заңмен тыйым салынған

Қазақстанда «қыз алып ашқан» адам 10 жылға дейін сотталады: прокуратура ескерту жасады
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда енді қыз алып қашқан ер адам 10 жылға дейін сотталады. Прокуратура осыған байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның мәліметінше, неке қиюға мәжбүрлеу – бұл адамның өз еркінен тыс, қысым көрсету немесе зорлық-зомбылық арқылы некеге отырғызылуы. Бұл жағдай адам құқығын өрескел бұзу болып саналады.

«16.07.2025ж. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру-жетілдіру бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Заң күшіне енгеннен кейін, Қылмыстық кодексте неке қиюға мәжбүрлегені үшін жаңа 125-1 бап тәжірибеге енгізіледі. Аталған бапта 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Неке екі адамның еркін және саналы келісімімен құрылуы тиіс. Азаматтарға келісімсіз қыз алып қашудың дәстүр емес, қылмыс болып саналатынын ескертеміз», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары