$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда кепілсіз несие алғысы келгендер оңбай алданды

Интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Оралда кепілсіз несие алғысы келгендер оңбай алданды
Фото: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында бірнеше алаяқтық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жалған жарнама жарға жықты

Операцияны ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Орал қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жүргізуді.

Тергеу барысында күдікті Instagram әлеуметтік желісінде кепілсіз несие рәсімдеу туралы жалған жарнама жариялап, азаматтарды WhatsApp мессенджеріндегі сілтеме арқылы өтіп, микрокредиттік ұйымдардан онлайн несие алуға көндіріп отырған.

«Несие рәсімдеу кезінде ол қаражатты өзіне және таныстарының банк шоттарына аударуды сұраған. Жәбірленушілерге верификациядан өту үшін арнайы сілтемелер жіберген», - деп жазылған хабарламада.

Несие мақұлданғаннан кейін ақша көрсетілген есепшоттарға, кейін күдіктінің атына тіркелген шотқа аударылып, қаладағы түрлі банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Шығын 1,5 млн теңгеден асқан

Күдіктінің үйін тінту барысында 27 телефон, төрт SIM-карта және төрт банк картасы тәркіленді.

Қазіргі таңда төрт эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген жалпы шығын көлемі –  1,5 млн теңгеден астам. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары