$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Панфилов көшесінің учаскесі ішінара жабылады

Көлік қозғалысы жолдың бір жағынан екі бағытта да ұйымдастырылады

Астанада Панфилов көшесінің учаскесі ішінара жабылады
Фото: Azattyq Rýhy

Астанада Панфилов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты 10 күнге жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы И.Панфилов көшесінің Тәуелсізідік даңғылынан тұйық көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді», - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты 25 шілде 5 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағынан екі бағытта да ұйымдастырылады.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Еске сала кетейік, қаланың А.Бараев көшесіндегі тоннель 25 шілдеден 1 қыркүйекке дейін толық жабылған болатын.

Серіктес жаңалықтары