$ 541.45  631.17  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жыл басынан бері жол ережесін бұзғандарға 8 млрд теңге айыппұл салынды

Әкімдікте арнайы баспасөз конференциясы өтті

Астанада жыл басынан бері жол ережесін бұзғандарға 8 млрд теңге айыппұл салынды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Елордада 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 800-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1074 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұрлан Капаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаттарының алдын алу: профилактикалық шаралар мен рейдтер

Астана әкімдігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін бірқатар шара қолға алынды. Атап айтқанда:

  • «Тасымалдаушы», «Жолдағы қабылдау», «Борышкер», «Автобус», «Қауіпсіз жол» атты акциялар өткізілді;
  • Қоғамдық көлік жүргізушілері рейс алдында мұқият тексеріле бастады;
  • Автопарктерде 4 кеңес өткізіліп, 153 оқу дәрісі ұйымдастырылды;
  • 6 аялдама учаскесінде жол қозғалысына техникалық өзгерістер енгізілді:
    – 19 жаңа жол белгісі орнатылды;
    – 8 бағдаршам секциясы іске қосылды;
    – 38 жолайрықтағы бағдаршам режимі қайта реттелді.

Қоғамдық көлік пен мектеп маңында қауіпсіздік күшейтілді

  • Қалалық автобустардың барлығы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
    Жыл басынан бері бұл жүйе 154 құқық бұзушылықты тіркеді.
  • №110 және №33 мектеп маңына жаңа жаяу жүргінші өткелдері салынды.

Интеллектуалды жүйелер мен камералардың тиімділігі

  • Қала көшелерінде «Ekin Patrol» жүйесімен жабдықталған 14 патрульдік көлік жұмыс істейді.
  • 6 000-ға жуық автоматты камераның көмегімен:
    – 544 010 құқық бұзушылық тіркелді;
    – 5,65 млрд теңге айыппұл салынды;
    – Оның 82%-ы (4,65 млрд теңге) өндірілді.

Құқық бұзушыларға қолданылған шаралар

  • Жалпы, 683 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, 8 млрд теңгеден астам айыппұл салынды (77%-ы өндірілді).
  • «Қорғау» жүйесі арқылы жалған нөмірлі 27 көлік анықталды.
  • 452 адам жүргізуші куәлігінсіз, 83 жүргізуші құқығынан айырылған күйінде көлік жүргізген.
  • 759 жүргізуші мас күйінде ұсталды.

Сот шешімімен:

  • 560 адам жүргізуші куәлігінен айырылды;
  • 750 адам әкімшілік қамаққа алынды;
  • 687 көлік айыптұраққа қойылды.

Жалпы сандар

2025 жылдың алғашқы 6 айында 982 517 құқық бұзушылық тіркелді; 11 млрд теңге айыппұл салынды, оның 8,9 млрд теңгесі өндірілді (өндіру деңгейі – 75,3%).

Фото және бейнекамералар арқылы 710 047 бұзушылық анықталды; 7,5 млрд теңге айыппұл салынды, оның 83,2%-ы (6 млрд теңге) өндірілді.

Бұл автоматтандырылған жүйелердің тиімділігін және жазаның бұлтартпастығын көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары