25.07.2025, 16:50
Жаңалықтар
Қызылордада шенеунік жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды
Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Фото: istockphoto.com
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2024 жылғы 23 шілдеде ҚР Энергетика министрлігіне қарасты құрылымда жұмыс істейтін шенеунікті ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қандай күдік тағылды?
ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы күдікке ілінді:
- Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды;
- Жер қойнауын пайдаланушылардан жүйелі түрде материалдық пайда алуға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырды.
Қандай баптар бойынша тергеу басталды?
Аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр:
- ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы – Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану;
- 364-баптың 1-бөлігі – Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу.
Қандай шара қолданылды?
Тергеу органдары бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім қабылдады.
Тергеудің басқа мәліметтері жария етілмейді
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу аясындағы өзге ақпараттар құпия болып табылады және жария етуге жатпайды.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
06.11.2026, 08:22
Ауылдағы жанжал атысқа ұласты: Жамбыл облысында екі адам жараланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды