$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда әскерге шақыру енді жасанды интеллект арқылы жүргізілуі мүмкін

Жасанды интеллект жыл соңына таман енгізілуі мүмкін

Қазақстанда әскерге шақыру енді жасанды интеллект арқылы жүргізілуі мүмкін
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерге шақырылатын азаматтарды іріктеуде жасанды интеллект (ЖИ) жүйесін енгізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа жүйе: кім қай әскер түріне жарамды екенін анықтайды

Спикерге жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жаңа жүйенің қашан іске қосылатыны туралы сұрақ қойылды. Ахмедиевтің айтуынша, бұл бағыттағы алғашқы қадамдар қазірдің өзінде қолға алынған:

«Біз қазірдің өзінде электронды жүйемен жұмыс істеп жатырмыз. Ол арқылы кім әскерге шақырылуға жатады, кім жатпайтынын анықтай аламыз. Мысалы, студенттер мен мүгедектігі бар азаматтар бөлек тізімге енгізіледі. Студенттерге әскери комиссариатқа келудің қажеті жоқтығы жөнінде SMS-хабарламалар жібереміз», – деді вице-министр.

ЖИ жүйесі нақтырақ іріктеу жүргізуге мүмкіндік береді

Жаңа жүйе азаматтардың әртүрлі деректеріне сүйене отырып (туған жері, білімі, отбасылық жағдайы, бойы мен салмағы және т.б.), олардың қай әскер түріне жарамды екенін автоматты түрде анықтауға көмектеседі.

«Бұл жүйе бізге нақтырақ таңдау жасауға мүмкіндік береді. Яғни, әр азаматтың мәліметтеріне қарай қай әскер түріне лайық екенін ұсынады», – деп түсіндірді Ахмедиев.

Жүйе 2025 жылдың соңына дейін іске қосылады

Дархан Ахмедиевтің айтуынша, жасанды интеллект жүйесін енгізу осы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Бұл жаңашылдық әскерге шақыру үдерісін заманауи деңгейге көтеруге бағытталған.

Серіктес жаңалықтары