$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сені күтемін»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелін бейтаныс адам мейрамханаға шақырды (ВИДЕО)

Әзілкештің әйелі жеке өмірінде болып жатқан жайттарды жария етті

«Сені күтемін»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелін бейтаныс адам мейрамханаға шақырды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқан өзін бейтаныс адам кездесуге шақырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әзілкештің әйелі түрлі түсті раушан гүлдерді бейтаныс адам жіберіп, артынша көрсетілген мекенжайда кездесуге шақырғанын жеткізді.

«Жаным, Мөлдір. Осы мекенжайда күтемін» деп жазыпты. Осы гүлдің бәрін жіберіпті. Кім деп ойлайсыздар? Барайын ба?» - дейді Мөлдір Мұқан.

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жариялаған видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

«Түк жараспайды, нәзіктік жоқ, жасандылық көп, дауысы да гүр-гүр», «Түк жараспайды шынымды айтсам, бойжеткен қыздары бар әйелге тым ерсіз көрінеді екен ырбиған», «Ажырасқан жоқсыңдар ғой. Бәрі пиар… Бөтен біреу күйеуі бар әйелге жазбайды», «Соңғы кезде өте сүйкімсіз болып кеттің, 5 баласы бар әйелге ақымақ еркек болмаса, гүл жібермейді», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, ел аузында Тұрсынбек Қабатовтың екінші отбасы бар екені туралы сыбыс тарағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары