«Оңай емес»: Елена Рыбакина аяғының жарақаты әлі күнге мазалап жүргенін айтты
Ол денсаулығына байланысты мәлімдеме жасады

АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде бақ сынап жатқан Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Chanpionat.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Аяғындағы жарақаттар әлі де мазалайды
Кезекті кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында Рыбакина аяғының жағдайы әлі де алаңдататынын жасырмады:
«Аяғымда ылғи да жарақат болады. Кейде аса күрделі, кейде сәл жеңілірек өтеді. Әрбір аренада жарыс жолына шыққан сайын бейімделу оңай емес. Командаммен бірге барынша күш салып жатырмыз. Алдағы күндері қалай болатынын көреміз, бірақ бұл – ерекше назарды талап ететін мәселе. Бүгінгі матчта өзімді жақсы сезіндім, алдағы уақытта жағдайым жақсара түседі деп үміттенемін», – деді теннисші.
WTA 500 турниріндегі алғашқы жеңіс
Айта кетейік, Елена Рыбакина Вашингтондағы хард корттағы WTA 500 турнирінде жарысты жеңіспен бастады. Бұл жарыс маусымның маңызды кезеңдерінің бірі саналады.