$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін дәрі-дәрмек қаншалықты қымбаттайды

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі тиісті есептеулер жүргізді

Қазақстанда жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін дәрі-дәрмек қаншалықты қымбаттайды
Фото: depositphotos.com

Жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық қызмет бағасы қаншалықты өседі? ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еске салайық, жаңа Салық кодексіне сәйкес, МӘМС және ТМККК шеңберіндегі медициналық қызметтер қосылған құн салығынан (ҚҚС) толық босатылады.

«Бұл – бірінші кезеңде іске асырылған жұмыс. Екіншіден, салық мөлшерлемесін екі жыл ішінде кезең-кезеңімен 5%-дан 10%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. Үшінші – бөлшек және көтерме сауда сегментінде сатылатын, тіршілік үшін маңызды дәрілік заттарды ҚҚС-тан толық босату. Бұл препараттардың тізімін уәкілетті орган бекітетін болады. Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс жүргізіліп, тізім қалыптастырылып жатыр», – деді Әлназарова бейсенбі күні ҚР Үкіметіндегі баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі тиісті есептеулер жүргізген.

«Осы жағдайдағы ҚҚС-тың тиімді мөлшерлемесі шамамен 2-3% болады. Медициналық қызметтер қаншалықты қымбаттауы мүмкін? Біз оның 5%-ға дейінгі аралықта өсетінін айтып отырмыз», – деп қорытындылады министр.

Серіктес жаңалықтары