$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Министр Светлана Жақыпованың жұбайы өмірден өтті: Үкімет мүшелері көңіл айтуға барады

Вице-премьер Үкімет мүшелері көңіл айту іс-шарасына қатысатынын жеткізді

Министр Светлана Жақыпованың жұбайы өмірден өтті: Үкімет мүшелері көңіл айтуға барады
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев БАҚ өкілдеріне арнап өткізілген баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың күйеуі қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Баспасөз конференциясында вице-премьер Үкімет мүшелері көңіл айту іс-шарасына қатысатынын жеткізді.

«Өздеріңіз білесіздер, әріптесіміз Светлана Қабыкенқызы Жақыпованың күйеуі қайтыс болды. Осында отырған әріптестеріміздің көбісі тығыз жұмыс кестесіне байланысты көңіл айта алған жоқ. Бүгін сағат 13:00-де іс-шара (ред. – көңіл айту) өтеді. Рұқсат берсеңіздер, сол жаққа барып, әріптесімізге көңіл айтсақ деп отырмыз», – деді премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев.

Айта кетейік, осыған дейін министр Светлана Жақыпованың күйеуі қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары