24.07.2025, 11:57
Жаңалықтар
Перизат Қайраттың соттағы сөзі жабық форматта өтеді
БАҚ өкілдері мен қазақстандықтар айыпталушының уәжін тыңдай алмайды
Фото: Azattyq Rýhy
Елордадағы сотта Перизат Қайрат ісі бойынша жарыссөз кезеңінде жәбірленушілердің сөз сөйлеуі жалғасып жатыр. Алайда судья мәлімдегендей, айыпталушының өзі жарыссөзге жабық сот отырысында қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
BizBirgemiz қорынан қаражат жымқыру ісіне қатысты 12 жәбірленуші сөз сөйледі.
«Барлық жәбірленуші сөйледі. Сот процесіне қатысушылар, оның ішінде айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының жарыссөздегі сөз сөйлеуі енді жабық отырыста жалғасады», – деді судья Санжар Каримов.
Бұл – журналистер мен қоғам үшін сот процесінің бұл бөлігі қолжетімсіз болады деген сөз.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді