«Фонограммасы өшіп қалды»: Меруерт Түсіпбаева сахнада ұятқа қалды (ВИДЕО)
Сахнада ән айтып тұрған Меруерт Түсіпбаева ұятқа қалды

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева ән айтамын деп жұрттың алдында ұятқа қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған видеоға назар аударсақ, ән салып тұрған шағында техникалық ақауларға байланысты өшіп қалғанын байқауға болады.
Желі қолданушылары әншінің бұл қылығын оң бағалай қойған жоқ.
«Фонограммасы өшіп қалды», «Негізі Қазақстанның әншілері көбі фонограммен айтады, оны мойындау керек», «Жанды дауыспен неге айтпасқа? Елді сынағанда сондай», «Өзінен басқа әнші жоқтай еді, енді не болды? Күлме досқа, келер басқа деген», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, жуырда, қазақстандық шоу-бизнес өкілдері продюсер Баян Мақсатқызы (Алагөзова) мен әнші Меруерт Түсіпбаева арасында мәдениет пен тіл мәселесіне қатысты пікір қайшылығы болғаны хабарланған болатын.