Дәрігер науқастың сау аяғын кесіп тастаған: пациент қайғыны көтере алмай көз жұмды
Ферғана облысында дәрігер екі аяқты да қателесіп кесіп тастаған

Өзбекстанның Ферғана облысында болған қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Хирург дәрігер сол аяғы ауырған әйелдің сау оң аяғын кесіп тастаған, артынша науқастың сол аяғы да ампутацияланған. Бұл ауыр операциялардың салдарынан науқас бір айдан соң қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Kun.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Операцияны кәсіби біліктілігі жоқ қызметкерлер жүргізген
2024 жылдың қазан айында болған бұл операция диагнозсыз және кәсіби стандарттар сақталмастан өткен. Сот материалдарына сәйкес, операцияға арнайы іріктелмеген медицина қызметкерлері мен тіпті бір студент те қатысқан. Бас хирург – сол бөлімшенің меңгерушісі – операцияны өз бетінше ұйымдастырған.
Сау аяқты кесіп, кейін екіншісін де ампутациялады
Алғашқы операция кезінде дәрігер сол аяғы ауру науқастың орнына оң аяғын жамбас тұсынан кесіп тастаған. Кейін жағдайы нашарлаған науқасқа диагностика жасалмастан, екінші – сол аяғы да ампутацияланған. Әйел мұндай ауыр жағдайдан кейін бір айдан соң көз жұмды.
Дәрігер сотталды, отбасыға өтемақы төленеді
Сот шешімімен дәрігер 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол марқұмның отбасына өтемақы төлеуге міндеттелді.