«Халыққа көмектескіміз келді»: жәбірленуші Перизат Қайратқа 200 млн теңге аударғанын айтты
Әйел соттан айыпталушыларға ең қатаң жаза тағайындауды сұрады

Астана қаласының сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта жәбірленуші тараптар жарыссөз кезеңінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот алғашқы жәбірленуші – Исаеваның сөзін тыңдады.
«Бұл процеске екі апта бойы бүкіл ел назар аударып отыр. Тек қатысушылар ғана емес, істің БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен жариялануы арқылы бүкіл қоғам бақылап отыр», – деді компания өкілі.
Жәбірленуші тараптың айтуынша, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, медиакеңістікте айыпталушылар аты аңызға айналған алаяқтармен салыстырылып жатыр.
«Анасы мен қызының әрекетін медиада белдемше киген Остап Бендермен, әйгілі алаяқ Софья Блювштейнмен салыстырып жатыр. Адам өз ісі үшін жауап беруі керек, сезінуі керек. Біз 2024 жылы су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмектескіміз келді. Сізден ең қатаң жаза тағайындауыңызды сұраймын», — деді сотта жәбірленуші Исаева.
Компания Перизат Қайраттың қорына 200 млн теңге аударған және дәл осы сомаға азаматтық талап қойып отыр.