$ 538.64  631.56  6.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жеңіл ақша тапқым келді»: темір торға түскен дроппер ішіндегі өкінішін айтты (ВИДЕО)

Ол әлеуметтік желі арқылы интернет алаяқтарға алданып қалған

«Жеңіл ақша тапқым келді»: темір торға түскен дроппер ішіндегі өкінішін айтты (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Тергеу изоляторында отырған жас жігіт ойламаған жерден қалай дроппер болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айтуынша, әлеуметтік желі арқылы жұмыс іздеп, оқыс жағдайға тап болыпты.

«Есімім – Арман. Жасым – 23-те. Қазір уақытша ұстау изоляторында отырмын. Жұмыссыз жүрген едім. Ақша өте қатты қажет болды. Содан Telegram-нан чаттарға кіріп, жеңіл жұмыс, үйден шықпай ақша тап, тек банк картаңды сатсаң болды деген жарнамаға тап болдым. Бұл криптовалюталардан түскен ақша деді. Жалақысы жақсы болды. Банк картаңды, қосымшасын өзіміз басқарамыз деді. Айтқандарына сеніп, сұрағандарының бәрін, логині мен парольдерін бердім», – дейді жас жігіт.

Ол сөзін жалғай отырып, осыдан кейін жағдай мүлдем өзгеріп кеткенін айтты.

«Міне проблеманың бәрі осыдан басталды. Полиция келіп, бәрін алып кетті. Тергеу, түрлі сұрақтар, маған қарсы куәлік, телефондар, скриншоттар – бәрі дәлел.

Қазір мен бір нәрсені ғана айтқым келеді. Ешкімге банк картаңызды, қосымшасын, жеке деректеріңізді бермеңіздер. Жеңіл табыс көзі жоқ», – дейді ол.

Айта кетейік, жуырда Бас прокуроратура қазақстандықтарға үндеу жасап, дропперлік үшін 7 жылға дейін сотталу мәселесі бар екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары