22.07.2025, 16:27
Жаңалықтар
Танымал тележүргізуші Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Бекзат Жүсіп енді туған өлкесінде жұмыс істейді
Фото: primeminister.kz/
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылында дүниеге келген Бекзат Жүсіп Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«1989 жылы туған Бекзат Жүсіп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Ұлыбританиядағы Шығыс Англия университетінің магистратурасын тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі», - деп жазды қала әкімдігі.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастаған. Одан кейін Бекзат Жүсіп біраз қызметте жұмыс істеген.
- 2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеді.
- 2013-2016 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспектор.
- 2019-2021 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры.
- 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.
- 2022–2023 — ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары
- 2023–2024 — «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы лауазымдарында болды.
Көп оқылған
03.08.2026, 09:13
«Сені зорлап тастаймын»: Ақтауда жартылай жалаңаш ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)
03.08.2026, 11:51
Ата-анасы жалғыз ұлынан, бала-шағасы асыраушысынан айырылды: Жамбыл облысында ер адамды атып өлтіріп кетті
03.08.2026, 08:27
Ақтаудағы Каспий теңізінде үрлемелі шеңбермен жүзіп жүрген жас жұпты ағыс алып кетті
03.08.2026, 10:17
Шекарада мыңдаған шетелдіктің қылмысы анықталды: ҰҚК өткен айда ел қауіпсіздігіне қаншалықты қауіп төнгенін жариялады