$ 538.64  631.56  6.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытау облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам сотталды

Ол жұртқа 27 миллион теңге шығын келтірген

Ұлытау облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам сотталды
Фото: istockphoto.com

Жезқазған қалалық соты қаржылық пирамида ұйымдастырған жергілікті тұрғынды кінәлі деп таныды. Ол 22 азаматқа жалпы сомасы 27 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жүйелі үгіт жүргізген

Қала тұрғыны 2024 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін пирамида қызметін белсенді түрде жүргізген. Ол:

  • Компания кеңсесінде таныстырылым-кездесулер ұйымдастырған;
  • Жаңа қатысушыларды жүйеге тартумен айналысқан;
  • Аккаунттар ашып, жүйеге қосқан;
  • Telegram мессенджері арқылы үгіт-насихат материалдарын таратқан.

Жоба электронды валютаға инвестиция салу және бонус алу уәдесімен азаматтарды тартуға бағытталған алаяқтық схема болған.

5 жылға сотталды

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура ескерту жасады

Прокуратура азаматтарды сақ болуға және келесідей кеңестерге құлақ асуға шақырды:

  • Қаржы ұйымдарының қызметіне мұқият тексеріс жүргізу;
  • Олардың лицензияларының бар-жоғын анықтау;
  • Қаржылық пирамидаға ұқсайтын схемаларға қатыспау.

«Күмәнді жобаларға қаржы салмас бұрын, жақсылап ойланыңыз. Заңсыз әрекеттерге қатысу – сіздің қауіпсіздігіңізге төнген қатер», – делінген ресми хабарламада.

Серіктес жаңалықтары