$ 531.96  622.45  6.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Индонезияда 280 жолаушысы бар паром өртеніп кетті: қаза тапқандар бар

Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмысы әлі де жүргізіліп жатыр

Индонезияда 280 жолаушысы бар паром өртеніп кетті: қаза тапқандар бар
Фото: Видеодан скрин

Индонезияда 280 адам мінген жолаушылар паромында өрт шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Xinhua басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Манадо қаласы маңында болған оқиға

KM Barcelona 5 деп аталатын паромда өрт Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясындағы Манадо қаласы жағалауында болған. Бұл туралы аймақтық іздестіру және құтқару басқармасының аға қызметкері хабарлады.

Қайғылы оқиға салдары: үш адам көз жұмды, 

Ресми мәлімет бойынша, өрт салдарынан кемінде үш адам қаза тапқан, ал шамамен 150 жолаушы аман-есен құтқарылған. Оларды бірлескен құтқару жасақтары мен жергілікті балықшылардың қайықтары көмегімен судан алып шыққан.

«Үш адам қаза тапты, ал шамамен 150 адам сәтті құтқарылды. Құтқару жұмысына арнайы топтар мен жергілікті тұрғындар атсалысты», – деді ол Синьхуа агенттігіне.

Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр

Қазіргі таңда оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмысы әлі де жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар қалған адамдарды табуға күш салып жатыр.

Серіктес жаңалықтары