$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сот үкіміне шағым түсіреміз»: Сәкен Мамаштың ағасы пікір білдірді

Ол 15 күнде апелkяцияға беретіндерін айтты 

«Сот үкіміне шағым түсіреміз»: Сәкен Мамаштың ағасы пікір білдірді
Фото: видеодан скриншот

Әйеліне 10 жыл қысым көрсетіп, 6 жылға сотталған Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың ағасы Нұржан Тәшкенбайұлы сот үкіміне қатысты міндетті түрде аппеляцияға тапсыратынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сот үкіміне қатысты шағым түсіреміз. Сот 15 күннің ішінде түсіруге болатынын айтты», - дейді Нұржан Мамаш. 

Оның айтуынша, балалармен араласуға әкесінен басқа туыстарына рұқсат жоқ.

«Каринаға жақындай да алмаймыз. Қарындасым оған хат жазған еді. Балалардың болашағын ойла, Сәкен түрмеге отырмаса көмектеседі деп айтқан. Кеше сот отырысында мені қорқытты деп отыр», - дейді ол. 

Еске сала кетейік, бүгін әйеліне 10 жыл қысым көрсетті деген дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары