Қазақстанда бала тууға және оның күтіміне байланысты 437,7 млрд теңге әлеуметтік төлем тағайындалды
Мемлекеттік және әлеуметтік төлемдермен 369 мыңнан астам адам қамтылды

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында бала тууға және 1,5 жасқа дейін бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) арқылы 369,1 мың адамға 437,7 млрд теңге көлемінде төлемдер жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бала туғаны үшін берілетін біржолғы жәрдемақы: 169 мың адамға 30,6 млрд теңге
2025 жылдың басынан бері 169,2 мың азамат бала тууына байланысты жәрдемақы алып, оларға жалпы 30,6 млрд теңге бөлінді. Тек маусым айында бұл көмекті 24,2 мың адам алды (4,3 млрд теңге).
Бұл жәрдемақыға кімдер үміткер бола алады:
- Бала туған;
- Асырап алған;
- Қорғаншылыққа алған;
- Қандастар;
- Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер.
Бала күтімі бойынша жәрдемақы: 123,8 мың адамға 21,7 млрд теңге төленді
Мемлекеттік жәрдемақыны міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын ата-аналар алады. 2025 жылдың алғашқы жартысында 123,8 мың адамға жалпы сомасы 21,7 млрд теңге төленді. Маусым айында бұл көмек 124,5 мың адамға көрсетілді (3,6 млрд теңге).
2025 жылы бала тууына және күтіміне арналған жәрдемақы мөлшері
Мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты. 2025 жылы барлық әлеуметтік төлем 6,5%-ға индекстелді.
Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы:
- 1-3 балаға: 38 АЕК = 149 416 ₸
- 4 және одан көп балаға: 63 АЕК = 247 716 ₸
Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы:
- 1-бала: 5,76 АЕК = 22 648 ₸
- 2-бала: 6,81 АЕК = 26 777 ₸
- 3-бала: 7,85 АЕК = 30 866 ₸
- 4 және одан көп: 8,90 АЕК = 34 995 ₸
МӘСҚ арқылы жұмыс істейтін әйелдерге төлем: 1,5 мың адамға орташа 1,5 млн теңге
Еңбек ететін және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы аналарға МӘСҚ тарапынан жүктілік пен босануға байланысты төлемдер тағайындалады.
2025 жылдың басынан бері бұл төлемді 116,1 мың адам алды. Жалпы сома: 166,9 млрд теңге. Орташа біржолғы төлем: 1 556 736 теңге.
Ай сайынғы әлеуметтік төлем: МӘСҚ арқылы 129 мың адамға 218,5 млрд теңге төленді
Бала туған күннен бастап 1,5 жасқа дейін табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы ата-аналарға МӘСҚ ай сайынғы әлеуметтік төлем тағайындайды.
Төлем мөлшері: соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40%-ы. Екі немесе одан көп бала болса – әр балаға жеке төленеді.
2025 жылдың 6 айында:
- 129,2 мың адам қамтылды;
- 218,5 млрд теңге төленді;
- Орташа айлық төлем: 89 881 теңге.