17.07.2025, 12:42
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 11 мотоцикл апатқа ұшырап, 3 адам қаза болды
Ақтөбеде үш мотоцикл жүргізушісі масаң күйде ұсталды
Фото: freepik.com
Ақтөбе облысында 10-20 шілде аралығында «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Басты мақсат – жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, мотокөлік қатысқан жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ереже бұзушылықтарды анықтау, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
5 күнде 450-ден астам мотокөлік тексерілді
Іс-шараның алғашқы бес күнінде:
- 450-ден астам мотокөлік тексерілді;
- 136 құқық бұзушылық тіркелді.
Нақты бұзушылықтар:
- 7 жүргізуші мотошлемсіз жүрген;
- 74 адам жүргізуші куәлігінсіз мотоцикл басқарған;
- 3 жүргізуші масаң күйде көлік тізгіндеген.
Мотоциклмен болған апаттар статистикасы алаңдатарлық
2025 жылдың басынан бері Ақтөбе облысында мотоциклдер қатысқан 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан:
- 3 адам көз жұмды;
- 8 адам жарақат алды.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Полиция қызметкерлері мотокөлік иелеріне кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр:
- жол қозғалысы ережелерін сақтау;
- құжаттардың заңдылығын қамтамасыз ету;
- қауіпсіздік талаптарына бағыну.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген