$ 531.96  622.45  6.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Менен ұялады»: Әбдіжаппар Әлқожа бандиттермен араласып тұратынын айтамын деп күлкіге қалды (ВИДЕО)

Әнші әзірге ешкім әлімжеттік жасамағанын атап өтті

«Менен ұялады»: Әбдіжаппар Әлқожа бандиттермен араласып тұратынын айтамын деп күлкіге қалды (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha

Отандық эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Алматының бандиттерін қатты құрметтейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аман Тасыған әртістен «Бандиттердің сойылын соғып, тойға кіріп шыққан кезің болды ма?» деп сұрады.

«Жоқ, ондай болған жоқ. Алматыдағы бандиттерді танимын. Бұрын соларға жақын болғаннан кейін танысып-білісіп алғанбыз, кейін әнші болып кетсем де бізге келіп араласып тұратын. Негізі бандиттер шынайы жігіттер ғой. Сөзге тоқтайтын, сөз сөйлей алатын жігіттер», - дейді Әбдіжаппар Әлқожа.

Ол бандиттерді қатты құрметтейтінін де жасырмады.

«Сол ортада бірге жүргеннен кейін олар мені ешқайда жұмсай алмайды. Жұмсауға ұялады. Әзірге ешқайысы әлімжеттік жасаған жоқ. Ана тойға кіріп шықшы деп бұйырған емес. «Жарты ақшаңды берейін, өзімнің туысқанымның тойы еді» деп өтініш айтатындар болады. Жігіт арасында шешілетін әңгіме ол. Ондай кезде мен де жоқ демеймін», - деп түйіндеді әнші.

Әншінің бұл сөзі желі қолданушыларының күлкісін келтірді.

 «Мынауың сұхбат беруді білмейді екен ғой. Таудан түскен секілді», «Әбдіжаппар бандиттерді танимын дей ме?», «Өзін-өзі білдіртпей мақтап кететін досың!», - деп әзілдеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары