$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2020, 11:22
Жаңалықтар

Індеттің өршуіне байланысты елордада қосымша 400 провизорлық орын ашылды – Көлгінов

Санитария нормаларын сақтамау қатаң карантин режиміне оралуға әкелуі мүмкін

Індеттің өршуіне байланысты елордада қосымша 400 провизорлық орын  ашылды – Көлгінов

Эпидемиологиялық жағдай мен өтініш білдірушілер санының артуын ескере отырып, коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық шұғыл әрекет ету штабында бірқатар мәселелер қаралды, деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Facebook парақшасында.

«COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар үшін қосымша 400 провизорлық орын ашылды. Оның ішінде, стационарлар базасында инфаркт, инсульт, қант диабеті бар (КВИ-ға күдігі бар) адамдарға арналған жеке орындар анықталды. Бұған дейін пневмония мен ОРВИ бар емделушілер үшін жеке корпустар ашылған болатын. Оларды коронавирусқа қосымша тексереді. Бұл инфекцияны ертерек анықтауға мүмкіндік берді», -деді әкім.

Бұған қоса, қалалық және жеке меншік емханалардың бас дәрігерлерімен, стационарлардың, талдау-орталықтарының басшыларымен және қаланың бас санитарлық дәрігерімен онлайн-кездесуден кейін коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларын емдеу үшін телемедицинаға көшу туралы шешім қабылданды.

«Медицина қызметкерлері бейнеқоңыраулар және басқа да байланыс арналары арқылы тұрғындардың денсаулық жағдайын қадағалайды, коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларына барлық мәселелер бойынша кеңес береді. Науқастарда симптомдар пайда болған жағдайда олар ауруханаға жатқызылады», - деп жазды Көлгінов.

Сондай ақ, шетелден ұшып келген әуежолаушыларды оқшаулау тәжірибесі жалғасады. «Рамада Плаза» қонақ үйінде медстационарға жабдықталған нөмірлер дайындалды.

«Қызметі рұқсат етілген ұйымдар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын бақылауы керек. COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жартысы – әртүрлі ұжымдар. Күн сайын әкімдіктің мобильді тобы полиция қызметкерлерімен, санитарлық дәрігерлермен, волонтерлермен бірлесіп рейдтер жүргізіп жатыр. Тәртіпбұзушылық болған жағдайда нысандар жабылады», - деп ескертеді әкім.

Көлгінов ала тұрғындары санитария нормаларын қатаң сақтауы қажет екенін айтты. Маска киіп (әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде), мүмкіндігінше, адам көп жиналатын орындарға бармай, антисептик пайдаланып, арақашықтық сақтаған жөн. Отбасылық жиындар мен қонаққа барудан, үлкен топпен жиналудан бас тарту қажет.

«Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте ауыр. Өкінішке қарай, тұрғындар медицина қызметкерлері айтып жатқан ережелерді сақтамайды, өзін-өзі емдеумен айналысып, медициналық көмекке дер кезінде жүгінбейді. COVID-19 вирусын өздігінен емдеуге болмайды, індет өте қауіпті. Санитария нормаларын сақтамау қатаң карантин режиміне оралуға әкелуі мүмкін», - деп түйіндеді елорда әкімі.

 

Серіктес жаңалықтары