$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда әкімдік өкілдерінің масқара ісі анықталды

Олар экологиялық талаптарды бұзғаны белгілі болды

Алматыда әкімдік өкілдерінің масқара ісі анықталды
Фото: freepik.com

Алматы қаласында табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген мониторинг нәтижесінде 30-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Тиісті шаралар қабылданып, әкімдіктің бірқатар лауазымды қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

30-дан астам қоқыс тастау орны тіркелді

Экологтар мен прокурорлар қала аумағындағы бірнеше аймақты тексеріп, экологиялық талаптар мен санитарлық нормалардың өрескел бұзылғанын анықтады. Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындар Медеу, Түрксіб және Алатау аудандарында тіркелген.

Лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес, аудан әкімдеріне абаттандыру мен тазалықты қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Алайда бұл талап сақталмаған.

ӘҚБтК-нің 344-бабының 3 және 5-бөліктеріне сәйкес, мына тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

  • Медеу ауданы әкімінің орынбасары;
  • Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары;
  • Алатау ауданы әкімінің аппаратының басшысы.

Қоқыс үйінділері жойылып жатыр

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, қала әкімдіктері рұқсатсыз қоқыс тасталған орындарды жою жұмысын жүргізіп жатыр.

Экологиялық бақылау жалғасады

Алматы қаласының табиғат қорғау органдары экологиялық тәртіптің сақталуын бақылауды әрі қарай жалғастыратынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары