16.07.2025, 13:02
Жаңалықтар
«Муслим – Америкада, Ислам – ата-әжесінде»: Ерке Есмахан кенже баласы бір айға толғанын айтты
Ол Батырдың қырқынан шығуын күтіп жүргенін айтты
Фото: Ерке Есмаханның әлеуметік желісінен алынды
Әнші Ерке Есмахан екі ұлының қазір жанында емес екенін айтып, кенже баласына 1 ай толғанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Перзентханадан келіп, үйде естелікке түскен суреттер. Ал дәл қазір Муслим – Америкада оқуда, Ислам – ата-әжесімен Оралда, Батыр – қасымызда. Кішкентай жақында 1 айға толды, енді қырқынан шығуды күтіп жүрміз», – деді әнші.
Әнші Ерке Есмахан уақыттың тез өтіп жатқанын айтып, оқырмандарына әр сәттің қадірін білуге үндеді:
«Уақыттың қалай зымырап жатқанын сезесіздер ме? Бәрі көзді ашып-жұмғанша өтіп жатыр. Сондықтан әр күнді бағалап, бақытты ғұмыр кешейік. Сәулелі сәттер көп болсын!» – деді ол.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
