Шілденің ортасында Қазақстанның солтүстігі мен орталығында күн күрт суытады
Синоптиктер болжамы белгілі болды

«Қазгдиромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр күтіледі. 17 шілдеде батыста, 18 шілдеде солтүстік-батыста, 18-19 шілдеде солтүстікте, 19 шілдеде республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
«Алдағы күндері еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 41-44°С дейін, оңтүстік-шығысында 42-43°С дейін күтіледі. 17 шілдеде солтүстік-батыста, 18 шілдеде республиканың орталығында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады. 18-19 шілдеде еліміздің оңтүстігінде 45-46°С дейін аптап ыстық күтіледі.
Кезең соңында солтүстік өңірлерде түнгі температура 8-18°С дейін, күндізгі температура 17-25°С дейін төмендейді», – делінген ауа райы болжамында.