$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бұл – салтанатты шара емес»: судья Перизат Қайраттың алғыс сөзін бөліп жіберді

Сотталушыға процестік тәртіп ескертілді

«Бұл – салтанатты шара емес»: судья Перизат Қайраттың алғыс сөзін бөліп жіберді
Фото: Azattyq Rýhy

Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша жәбірленуші тарап – «Асар-Уме» қорының президенті Асхат Нұрмашевтан жауап алынған соң, нақтылау сұрақтарын қою құқығы сотталушыға берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сөз алған Перизат Қайрат алдымен Астанада Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық күніне орай ұйымдастырылған іс-шараны еске салып, сол жиында БАӘ елшісі «BizBirgemiz Kazakhstan» қорының атқарған жұмысы үшін Асхат Нұрмашевқа жеке алғыс білдірген-білдірмегенін сұрады.

«Асхат аға, бұл рас па? Сізде елшілермен бірге түскен фото бар ғой», – деді сотталушы.

Жәбірленуші Асхат Нұрмашев бұл шараға шақырту болғанын растады.

«Иә, бізді ол шараға арнайы шақырды. Қор атқарған жұмысты атап өтті. Бірақ нақты елшінің өзімен сөйлестім бе – есімде жоқ. Мүмкін, Палестина елшісімен шатастырып тұрған болармын. Сол кісіден алғыс сөз естігенім анық. Ал біздегі фото – Палестина елшісімен бірге түскен сурет», – деп жауап берді ол.

Перизат Қайрат куәгерге алғыс айтпақ болғанында судья оны бірден тоқтатты.

«Бұл – салтанатты шара емес. Біз – сот процесіндеміз. Мұнда алғыс білдіру орынсыз», – деді судья.

Осылайша, Асхат Нұрмашевқа қойылатын сұрақтар аяқталып, сот талқылауы жалғасты.

Серіктес жаңалықтары