$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан АҚШ-қа жауап ретінде америкалық тауарларға баж салығын көтере ме

Бұл ел экономикасына да кері әсерін тигізбейді

Қазақстан АҚШ-қа жауап ретінде америкалық тауарларға баж салығын көтере ме
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан АҚШ-тан келетін тауарларға баж салығын арттыруды жоспарлап отырмағанын айтты,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Бірден айтайын – ондай жоспар жоқ. АҚШ-тың жаңа ережелеріне тоқталайын. Біздің АҚШ-қа жіберетін экспорттың жалпы көлемінің 95%-ы осы жаңа ережеге жатпайды», – деді Бектенов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Бектеновтің айтуынша, бұл шешім ел экономикасына елеулі кері әсер етпейді.

«Ауқымды кері әсер болмайды. Біз америкалық әріптестерімізбен келіссөздер жүргізуге дайынбыз және жүргізіп жатырмыз», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, жақында АҚШ президенті Қазақстаннан келетін кейбір өнімдерге 25 пайыздық баж салығы енгізілетінін мәлімдеді. Бұл шешімге қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз пікірін білдірген еді.

Серіктес жаңалықтары