$ 538.54  628.31  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның алты қаласында ауа күрт ластанады

Атмосферадағы ластаушы заттар жиналып жатыр

Қазақстанның алты қаласында ауа күрт ластанады
Фото: pixabay.com

Еліміздің алты қаласында 15 шілде күні атмосферада зиянды заттардың жоғары деңгейде шоғырлануы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің айтуынша, бұл жағдай қолайсыз метеожағдайлардың әсерінен туындайды. Яғни, ауада зиянды қоспалар жерге жақын қабатта жиналып, таралмай тұрып қалады.

Қай қалаларда тіркеледі?

«2025 жылғы 15 шілде күні Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнгі уақытта Атырау мен Астанада қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) күтіледі», – делінген Қазгидромет хабарламасында.

ҚМЖ деген не және ол неге қауіпті?

ҚМЖ – бұл атмосфералық жағдайлар жиынтығы. Олар:

  • Тымық ауа;
  • әлсіз жел;
  • тұман;
  • температуралық инверсия (жоғары қабаттағы ауа жылырақ болған кез).

Мұндай жағдайда ластаушы заттар ауада еркін тарамайды, нәтижесінде қалаларда ауа сапасы уақытша нашарлайды.

Қауіп қайдан туындайды?

Ауа құрамындағы зиянды қоспалар адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе, тығыз салынған аудандар мен өнеркәсіптік аймақтарда тұратын тұрғындарға бұл ерекше қауіп төндіреді.

Серіктес жаңалықтары