$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан биыл 25 млрд доллар тікелей инвестиция тартуды жоспарлап отыр

8 трлн теңгеге жуық қаржы экономиканың басым секторларын қаржыландыруға бөлінеді

Қазақстан биыл 25 млрд доллар тікелей инвестиция тартуды жоспарлап отыр
Фото: istockphoto.com

Биыл шамамен 25 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тарту жоспарланып отыр. Үкімет отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин осы үшін белсенді тәсіл қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бизнес қажеттіліктеріне бағдарланған өңірлік инвестициялық бағдарламалар қалыптастырылды. Олар шетелде инвесторларды нысанаға алу үшін негіз болады. Fast Track немесе «жасыл дәліз» жүйесі бойынша экономиканың басым салаларында 134 инвестор мемлекеттік қызметтерді жедел алудан өтті», – деп атап өтті вице-премьер.

Сонымен қатар, 8 трлн теңгеге жуық қаржы экономиканың басым секторларын қаржыландыруға бағытталады.

Бірінші жартыжылдықта «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша басым салаларды қаржыландыру көлемі 2,9 трлн теңгені құрады. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің мәліметінше, жыл соңына дейін оны 8 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«Бұл экономикаға қосымша өсім береді – шамамен 1,3 пайыз. Холдингті бюджеттен капиталдандыру екінші жартыжылдықта жалғасатын болады. Бұл біздің нақты сектордың мүмкіндіктерін кеңейтуге қосқан тікелей үлесіміз», – деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

Серіктес жаңалықтары