$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында оқушы жүкті болып қалғаны туралы ақпарат тарады – полиция не дейді

Полиция кәмелетке толмаған қыздың жүктілік фактісі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

Түркістан облысында оқушы жүкті болып қалғаны туралы ақпарат тарады – полиция не дейді
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында 9-сынып оқушысы жүкті болып қалғаны туралы ақпаратты полиция растамады , деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқыққорғаушы, Біріккен ұлттар ұйымының еріктісі Ләззат Рақышева әлеуметтік желіде Түркістан облысы Отырар ауданында 9-сынып оқушысының аяғы ауыр екенін хабарлады. Оның жазуынша, күдікке 4 адам ілінген. Оның бірі – 11-сынып оқушысы, қалғаны ересек адамдар. Оқушы қыздың жүкті болып қалуы туралы ақпарат жөнінде полицияға хабар берілді.

«Отырар ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған туысына құқыққа қарсы іс-әрекеттің жасалуы туралы арыз полицияда қаралып, тергеу жүргізілуде. Тергеу аясында сараптамалар тағайындалды және барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда», - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті

Полиция мәліметінше, бірнеше адамның құқыққа қайшы әрекеті және кәмелетке толмағанның жүктілік фактісі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тергеу кезінде бұл расталмаған.

«Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат Қылмыстық процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», - деп түсіндірді Түркістан облыстық полиция департаменті.

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін заңға сәйкес жауапқа тарту көзделгенін еске салып, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары