15.06.2020, 03:35
Жаңалықтар
Түркияда 5,7 балдық жер сілкінісінен 18 адам зардап шекті
Бірнеше ауылда үйлер құлап, бір адам қаза тапты
Фото: reuters.com
Түркияның шығысында 5,7 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр Бингель қаласынан 55 км жерде орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Жер сілкінісінен бірнеше ауылда үйлер құлап, бір адам қаза тапты. Түркияның Төтенше жағдайлар комитеті оқиға орнына 550 шатыр орналастырды. Жер сілкінісінен 18 адам зардап шекті. Олардың ішінде жағдайы ауыр ешкім жоқ», - деп жазады басылым.
Айта кету керек, табиғи апаттан келген шығын есептеліп жатыр.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
