$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық теннисші Уимблдонның жартылай финалында жеңіліп қалды

Ол жұптық разрядта сынға түсті

Қазақстандық теннисші Уимблдонның жартылай финалында жеңіліп қалды
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жұптық разрядта жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Лондонда жасөспірімдер арасындағы Уимблдон жарысының жартылай финалдық матчы аяқталды. Онда қазақстандық Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен жұп құрып, финляндиялық-поляк дуэті Оскари Паландиус пен Алан Важныға 6:4, 4:6, 5:10 есебімен есе жіберді.

Жеңіліске қарамастан, беделді турнирдің жартылай финалына шығу – 17 жастағы қазақстандық спортшы үшін үлкен жетістік болды. Бұған дейін Әмір Омарханов ITF жасөспірімдер рейтингінде төртінші орынға көтеріліп, алғаш рет әлемдік жасөспірімдер теннисінің үздік бестігіне енген болатын.

Биылғы маусымда Әмір Омарханов Бейжіңдегі J300 турнирінде жеңіске жетіп, жұптық сында үш ірі турнирді, оның ішінде жасөспірімдер арасындағы бейресми әлем чемпионаты саналатын беделді Orange Bowl турнирін жеңіп алған.

Серіктес жаңалықтары