$ 526.5  611.64  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы әскери база аумағында оқыс оқиға: әскери қызметкер ауыр жарақат алды

Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанадағы әскери база аумағында оқыс оқиға: әскери қызметкер ауыр жарақат алды
Фото: istockphoto.com

Астана қаласындағы әскери-авиациялық базада төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан әскери қызметкер қарудан жарақат алған.

Жарақат алған сарбаз ауруханаға жеткізілді

ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиға қару қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан болған.

«Жарақат алған әскери қызметші шұғыл түрде елордалық емдеу мекемесіне жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты», – делінген ведомство хабарламасында.

Қылмыстық іс қозғалды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, дәл қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғалды. Аталған факті бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары