07.07.2025, 00:24
Жаңалықтар
Атырауда әйел адам Жайық өзеніне секіріп кетті
Тағы бір адам өмірі құтқарылды
Фото: Видеодан скрин
Атырау қаласындағы Жилгородок көпірінен бір әйел адам Жайық өзеніне секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушыларға куәгерлер тарапынан хабарлама түскен.
Жағада жүрген екі азамат әйелдің көмек сұраған дауысын естіп, суға секіріп, оны құтқаруға ұмтылған. Олар оны су бетінде ұстап тұрған.
«Осы сәтте кезекті рейдте жүрген Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел әрекет етіп, әйел адамды және көмекке ұмтылған екі азаматты жағаға алып шықты.
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 11:50
Ішкі істер министрлігі «ұлдарға зорлық жасады» деген күдікпен Исматулла Мақсұмға қатысты жаңа тергеу бастады
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды