Астанада қала күніне орай атылған отшашуға 100 мыңнан аса адам жиналды
Отшашу Ботаникалық бақ аумағынан атылды

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті. Қала әкімдігінің мәліметінше салют демеушілердің есебінен атылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отшашу 23:00 шамасында Ботаникалық бақ аумағынан атылды. Отшашудың жалпы ұзақтығы – 5 минут, ал атылған фейерверк саны – 1 700-ден асты.
«Астана Арена» стадионы маңындағы үлкен концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Олардың қатарында Қазыбек Құрайыш, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы, жастардың сүйікті тобы 6elucci, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Лимба, Атилла, Аро, Жұбаныш Жексен, Назима, Ильхан және Тұрар бар.
Астана күніне орай елордада 100-ден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер, шоу, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, спорттық жарыстар және басқа да ерекше іс-шаралар ұйымдастырылды», – делінген әкімдік хабарламасында.